-
INK Architects еліміздің қалаларында және шетелдерде 40-тан астам тұрғын үй кешендерін, бизнес - орталықтарды, спорт кешендері мен қонақ үйлерді жобалап - пайдалануға берді.
INK сәулетшілер тобының басты міндеті - белсенді, функционалды толықтырылған орындар құру. Әр жоба үшін қауымдастықтарды, менталитетті және қалалардың келбетін өзгертетін ерекше және заманауи архитектуралық шешімдер жасалады. Әрбір жобамен біздің команда кеңістікті жандандырып қана қоймай, нысанның құндылығын арттыратын, адамға бағытталған дизайнның жаңа деңгейін бағындыруға тырысады.
Жобалау типологиясы:
- Тұрғын және көпфункционалды кешендер
- Бизнес орталықтары, кеңселер және коммерциялық орындар
- Қонақ үйлер, мейманханалар
- Виллалар, таунхаустар, коттедждер
- Спорт нысандары, мәдени орталықтар
- Саябақтар, рекреациялық демалыс аймақтары, скверлер
-
Жобаға дейінгі талдау учаскедегі артықшылықтар мен шектеулерді анықтау, кеңістікті функционалды толықтыру, ғимарат формасының көлемдік-композициялық және стильдік шешімдері мен жобаның қалаға тигізетін әсері жөніндегі сұрақтарға жауап беру үшін жүргізіледі. Сәулет және қала құрылысы жобаларын сәтті іске асыру үшін нысанды қолданыстағы ортаға енгізу және оның тұрақтылығы мен қажеттілігін талдау қажет. INК Architects жобалаушылары салынған құрылыс нысандарын, көлік желілерін, жаяу жүргіншілер жолдарын, климатты, әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылымды, учаскенің тарихын ескереді.
Бұл кезеңде болжамды техникалық-экономикалық көрсеткіштер анықталады, тапсырыс берушінің экономикалық моделі мен қала тұрғындарының қажеттіліктеріне сәйкес учаскені дамыту нұсқалары жасалады.
Сонымен қатар, экология, әлеуметтік мәдениет, учаске мәселелері, қоғам дәстүрлері, демография және т. б. мәселелері зерттеледі. Әрбір аспект жобаны одан әрі дамытуға көмектесетін күрделі жүйе.
Архитектуралық бейнені құру ғана емес, оның сәтті дамуы мен бүкіл кеңістіктің контекстіне интеграциялануы үшін тұтас идеяны қалыптастыру да маңызды сәт болып табылады.
-
Тұжырымдамалық жоба сатысында нысанның одан әрі даму кезеңдерінде іргетас болатын жобалау тәсілінің бейнесі, мақсаты мен стратегиялары қалыптастырылады. Бұл жобаның одан әрі дамуын алдын-ала анықтайтын негіз. Болашақта табысқа жету үшін тұжырымдамалық жоба нарықты, экономиканы сараптамалық зерттеулерге, нормативтік талаптарға сәйкес дұрыс есептеулерге сүйенеді.
Біздің сәулетшілер мен бас жоспарлаушылар тобы учаскені негіздеу мен талдауды, техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар жоспарлау және қасбеттік шешімдердің нұсқаларын қамтитын қажетті шешімдер мен құжаттаманы әзірлейді."
-
Эскиздік жоба-бұл тұжырымдаманы әзірлеудің келесі кезеңі және жобаны келісімдеуге және жұмыс жобасы кезеңін бастауға мүмкіндік беретін құжаттар жиынтығы.
Құрамына нормативтік талаптарға сәйкес жобаның негізгі көлемдік-жоспарлау, конструктивтік, қасбеттік шешімдерін көрсететін пысықталған және толық схемалар, сызбалар мен сұлбалар кіреді. Сондай-ақ, тапсырыс берушінің экономикалық моделіне сәйкес техникалық-экономикалық көрсеткіштер жаңартылып, нақтыланады.